Ботаниканың оқу практикумы. 1 кітап

Карипбаева Н.Ш. Ботаниканың оқу практикумы. 1 кітап / Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик, Б.М. Силыбаева – Алматы: CyberSmith, 2019 – 256 б.

Бұл кітап Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі бекіткен типтік оқу бағдарламасына сәйкес ботаника пәнінен оқу практикасын өткізуге байланысты жазылған. Кітап екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімде өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктері, биологиясы, экологиясы және зерттеу әдістері берілген. Екінші бөлімде мектеп бағдарламасында биология пәнінде қарастырылатын 15 тұқымдастың бейнеленген анықтағышы құрылған.
Ботаниканың оқу практикумы жоғарғы оқу орындарында биология, ауылшаруашылық, зоотехника, экология, география, фармакология факультеттерінде оқитын студенттерге, магистранттарға және оқытушыларға арналған. Сонымен катар бұл кітапты мектептердегі биология пәнінің мұғалімдері мен оқушылары пайдалана алады.