Рахмадиева С Б., Ғазизова А.Д.
Табиғи биологиялық белсенді қосылыстар химиясының негіздері: оқулық. 2 бөлім / С.Б.Рахмадиева, А.Д. Ғазизова,- Алматы: CyberSmith, 2019.-188 б.
Оқулықтың құрамына табиғи биологиялық белсенді қосылыстардың негізгі топтарының: простагландиндердің, терпеноидтардың, стероидтардың, көмірсулардың, нуклеотидтердің, фенолдық қосылыстардың, ақуыздардың, пептидтердің, алкалоидтардың, антибиотиктердің құрылымдары, таралуы, жіктелуі, қасиеттері, алу тәсілдері, синтезі, қолданылуы, биологиялық функциялары туралы мәліметтер кіргізілген.
Кітапта қосылыстардың әрбір тобы бойынша бақылау сұрақтары мен ұсынылатын әдебиеттің тізімімен жабдықталған.
Оқулық жоғарғы оқу орыңдарының химия, биология және медицина мамандықтарын меңгеретін студенттеріне арналған.