Құдайберген Жұбанов

Құдайберген Жұбанов. Шығармаларының толық жинағы. – Ақтөбе: «Жұбанов университеті» баспасы, 2019. – 584 б.

Бұл басылымда қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры  Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай ғалымның шығармалары тұңғыш рет толық жинақталып шығарылды.
Кітапқа ғалымның барлық ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар бұған дейін ғылыми көпшіліктің назарынан тыс қалып келген газет-журнал беттерінде жарияланған мақалалары, сыни корреспонденциялары, өлеңдері, әңгіме-памфлеті және ғалым туралы жазылған таңдаулы естеліктер, фотосуреттер енгізілді.