Хабарландыру

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы және магистранттар мен студенттер!

Сіздерге 2020 жылдан «Zan» деректер базасына қолжетімділіктің ашылғаны туралы хабарлаймыз.
«Zan» деректер базасы – бұл Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және халықаралық қызметін реттейтін заңнамалары және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі мейлінше толық жиынтығы.
Деректер базасында құжаттардың бұрынғы нұсқаларының сақталуы, сондай-ақ қажетті сілтемелержәне түсіндірмелердің, күші жойылған актілер жиынтығының болуы енгізілген өзгерістерді хронологиялық қадағалауға мүмкіндік береді. Деректер базасындағы ақпарат ресми жарияланым көздері арқылы жасақталып отырады, тиісінше бұл нормативті материалдардың нақты дұрыстығы мен оның бақылауда болуын қамтамасыз етеді. Деректер базасы орыс-қазақ, заңнама терминдерінің түсіндірме сөздіктерімен және тіркелмеген құжаттармен, сонымен қатар тақырыптық іздеу мүмкіндігімен, әр түрлі анықтамалық жиынтықтан және классификаторлармен жарақталған. Құжаттарды іздеудің ауқымды мүмкіндіктері керекті ақпаратты дер кезінде табуға қол жеткізеді.

Деректер базасымен танысу үшін: Сілтемеге өту: http://zan.kz/kk
Біздің университетіміздің компьютерлерінен тіркелу.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.