Урмашев Б.А. Критериалды бағалау технологиясы: Оқу құралы / Б.А.Урмашев – Алматы: «ССК» баспасы, 2017. – 140 б.
Оқу құралы негізгі әдебиет ретінде қолданыла алады. Оқу құралында бағалау, бағалау технологиясы, бағалау жүйесі, бағалау критерийлері сияқты педагогикалық терминдер мен категориялар бойынша түсініктер келтірілген. Сонымен қатар білім алу үрдісіндегі оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі мен критериалды бағалау технологиясы химия пәніне байланысты қарастырылған.