Дене тәрбиесі. 2-кітап.

С. Тайжанова., А. Қарақов.  Дене тәрбиесі. 2-кітап. Оқулық. (Бастауыш сынып оқушыларының  дене тәрбиесі) Алматы, ССК 2019. 296 б. (Өңделіп, толықтырылып екінші басылымы)

«Дене тәрбиесі» мұғалімі мен бастауыш сынып мұғалімдерінің күнделікті жұмысында қолдана алатындай, білуге тиісті мәселелер жеткілікті. Осы мақсатта ұсынылып отырған оқулықта дене тәрбиесі бағдарламасына қатысты жұмыстар, дене тәрбиесі сабағы, оқыту әдісіне қойылатын жалпы талаптар, сабақты ұйымдастыру ерекшеліктері, оның тиімділігін қалай арттыруға болатындығы, дала жарысын ұйымдастыру, бастауыш сынып оқушыларының даярлық деңгейіне қойылатын талаптар және т.б. мәселелер көтерілген.
Болашақта 12 жылдық білім беру жүйесіне еліміздің барлық мектептерде көшпекші. Яғни, алтыжастағы балалар мектеп партасына отырады. Сондықтанда бастауыш сынып мұғалімінің осыған байланысты жұмысын жеңілдету мақсатында алтыжасарлардың дене тәрбиесінің мәселелері біршама қамтылып отыр.
Оқулық бастауыш сыныптағы дене тәрбиесі мұғалімдеріне, осы саланың мамандарына, оқу орындарының студенттеріне арналған.