Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу
Авторы: ДиМаттео Ларри
ISBN-10: 1138850985
ISBN-13: 978-1138850989
Тілі: Ағылшын
Баспасы: Routledge
Жылы: 2017
Бет саны: 654
Доктор Ларри Алан ДиМаттеоның бизнес факультеті студенттеріне арналған «Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: трансакциялық тұрғыдан зерделеу» оқу құралының үшінші басылымында халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің түрлі жолдары жан-жақты қарастырылады. Импорт пен экспорт, сауда-саттыққа қатысты дауды шешу, бизнес транзакцияларына қатысты қүрделі мәселелер, халықаралық денгейде бизнес жүргізудің құқықтық принциптері жүйе-жүйесімен баяндалады.
Сондай-ақ бұл еңбекте халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің түрлі тәуекелдері (валюталық, құқықтық, қаржылық т.б.) мен стратегиялары (делдалдардың қызметін пайдалану, халықаралық банктермен бірлесе жұмыс істей білу тікелей шетелдік инвестиция, контрсауда және халықаралық сатып алу-сату келісімшарттарын жасау т.б) кәсіби һәм ғылыми тұрғыдан сараланып, екшеп көрсетіліп, деректер де молынан келтіріледі.
Бұл кітап болашақ кәсіпкерлер мен заңгерлерге ғана емес, сонымен бірге халықаралық сауда-саттық мәселелеріне қызығушылық танытатын оқырманға пайдалы.
«Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта» оқулығы бизнес факультеті студенттерінің халықаралық деңгейде бизнес жүргізуді реттейтін құқықтық принциптерді түсінуіне жол ашады. Бұл кітап заңның сақталуы ғана емес, сонымен қатар пайда және бәсекелік артықшылықты қалыптастыру үшін заңды қалай қолдану керектігін ерекшелеп көрсетеді.