Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу. ХХІ ғасырдағы оқыту дизайны
Авторлары: Элен Битэм, Рона Шарп
ISBN-10: 0415539978
ISBN-13: 978-0415539975
Тілі: Ағылшын
Баспасы: Oxford University Press
Жылы: 2013
Бет саны: 352
Бұл оқулықта ХХІ ғасырдағы педагогиканың дамуы, оқытуды жеке тұлғаға бейімдеу, қолжетімді әрі тиімді жоспарлау мен оны жүзеге асыруға бағытталған жобалар қарастырылады. Оқу қызметін электрондық және мобильді технологиялар контексінде зерттей отырып, авторлар білім берудің техно-бағдарлы болашағын кеңінен баяндайды. Кітаптың «Дизайнның принциптері мен практикасы» деп аталатын І бөлімінде білім алуға және оны жоспарлауға қатысты цифрлық технологиялардың қағидалары мен теориялары егжей-тегжейлі қарастырылып, оларды тиімді қолдану жолдары көрсетілсе, ІІ бөлімде дизайнның пәндік қырлары ортаға салынып, мобильді және сымсыз есептеу техникасы саласындағы жетістіктер, тәжірибе жүзіндегі жобалау мүмкіндіктері, күрделі жүйелер мен мобильді оқытуды дизайнға түсіру туралы тың зерттеу жаңалықтарымен толықтырылған. Қорытындылаушы ІІІ бөлімде авторлар осы технологияларды болашақта қолдану аймақтарына шолу жасай отырып, оған қатысты нақты үлгілер ұсынады.
Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығушылық танытушы барша зерттеушілерге арналған.
Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығушылық танытушы барша зерттеушілерге арналған.