Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас

Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас

Авторлары: Бейнбриж Жейсон, Гок Никола, Тайнан Лиз
ISBN-10: 0195588010
ISBN-13: 978-0195588019
Тілі: ағылшын
Баспасы: Oxford
Жылы: 2015
Бет саны: 504


 «Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас» – кәсіби журналистиканың қалыптасу тарихынан бастап, қоғамның қозғаушы күшіне айналған медиа cаласындағы соны өзгерістерді талдаған құнды еңбек. Әлемнің озық жоғары оқу орындары таңдаған кітаптың үшінші басылымы медиа мен журналистиканың өзара байланысына қызығушылық танытқан кез келген оқырман көңілінен шығады.
Кітап тілі қарапайым әрі қызықты. Оқулықта медиа мен журналистика ұғымының тарихы, медиаиндустрия өнімдері, медиаға анализ жасайтын тәсілдер, жаңалықты тарату жолдары және медиаконтент, қазіргі және келешек коммуникацияның толық анықтамалығы түзілген. Сондықтан жаңалықтар өндірісіндегі идея, ақпарат ағынын шолу, тарату, келіссөз жүргізу сынды процестердің қыр-сырымен танысып, журналистік зерттеудің маңызына көз жеткізуге болады.
Кітаптың басты құндылығы – медиа маманы болуға талаптанған студентті немесе әуесқой блогерді журналистиканың негізгі принциптеріне баулиды. Ақиқатты айту, халықтың ақпаратты білу құқығын құрметтеу этикасынан бөлек медиа маман ретінде қоғам игілігіне адал қызмет ету жолдарын көрсетеді.