Батыс философиясының жаңа тарихы. 3-том. Қазіргі заман философиясының бастауы
Авторы: Кенни Энтони
ISBN-10: 0198752725
ISBN-13: 978-0198752721
Тілі: Ағылшын
Баспасы: Oxford University Press
Жылы: 2014
Бет саны: 352
Философияның түп-тамырынан қазіргі күнге дейінгі төрт томдық тарихының үшінші томы «The Rise of Modern Philosophy» – «Қазіргі заман философиясының бастауы» деп аталады. Бұл том әлемдік ой тарихының XVI ғасырдың басынан ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарына дейінгі кезеңін қамтиды. Бұл томның бастапқы үш тарауында сол кезеңнің ойшылдарына хронологиялық шолу жасалады. Қалған тарауларда олардың өзекті де нақты философиялық тақырыптарды талқылауға қосқан үлесі қарастырылады. Философия ежелгі заманда және орта ғасырларда қалыптасқан ең құнды деген құралдардың кейбірінен бас тартса да, осы үшінші томда қамтылатын кезең философтары тұрақты құндылықтарды орнықтыра түсуге қомақты үлес қосты. Олар осы том тарауларында терең талданып, айқын сипатталды. Бұл том, ең алдымен, бакалавриаттың екінші және үшінші курстарына арналған. Оған қоса, бұл кітап философия ілімін танып-білуге талпынған қауымның қай-қайсысына да өте пайдалы.