Шилібаев Б.А.
¥лттық спорт ойындары. Оқу құралы./ Б.А. Шилібаев – Алматы, Альманахъ, 2019.- 179 б.
Жалпы оқу құралы еліміздегі ұлттық спорттың қысқаша жалпы тарихы, даму жолы, ережелері және әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Еліміздегі ұлттық спорт ойындары үлкен тәрбиелік және білімдік маңызға ие. Ол ғылыми көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді, адамдар санасын өткеннің маңызды оқиғаларымен байыта түседі, адамгершілікке тәрбиелейді, отанға деген сүйіспеншілікке, дене шынықтыру мен спорттың дамуы мен қалыптасуына үлес қосқан барлық халықтарға құрмет сезімдеріне тәрбиелейді. Халқымыздың ұлттық ойындары ежелгі адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырады.
Еліміздің ұлттық спорт ойындары – идеологиялық көзқарастық пән. Оның мазмұны 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының негізгі білім беру мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес барған сайын арта түсуде.
Осы оқулыққа байланысты пікір айтам деушілерге автор шын ықыласты екенін білдіреді. Пікірлеріңізді Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына жібелеруіңізді өтінеді. Оқу құралы жоғары, арнайы, орта оқу орындарының ұстаздары, мұғалімдеріне және де «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының білімгерлеріне, қызмет істейтін нұсқаушы, жаттықтырушыларға арналған.