Сағындық Т.
Көлік техникасын техникалық пайдалану. Оқу құралы / Т.Ж. Сағындық. – Алматы: 2019. ЖШС«Лантар books», 2022 -482 бет
Ұсынылып отырған оқу құралында көлік техникасының жұмыс қабілетін қамсыздандыру негізі, техникалық күйінің өзгерісіндегі кездейсоқ үдерістер заңдылықтары, техникалық күйін сипаттау, жұмыс қабілетін ақпараттық қамтамасыздандыру және техникалық күйін анықтау; техникалық жаратудың нормативін анықтау әдісі; техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі туралы мәлімет баяндалған. Microsoft Office Excel бағдарламасының көмегімен шығарылған автокәсіпорынның технологиялық есебінің үлгісі келтірілген.
Оқу құралында қызмет көрсету мен жөндеуінде қолданатын технологиялық жабдықтар және олардың пайдалануы, инженерлік-техникалық қызметінің құрылымы мен ресурсы, инженерлік-техникалық қызмет персоналы және басқару хақында шешім қабылдау әдісі, кәсіпорынның кадр саясаты, инженерлік-техникалық қызметтің ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымы техникалық қызмет көрсету және жөндеу сапасын басқару, т.б. берілген.
Оқу құралы 5В071300 ” Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы үшін әзірленген.