Каташева А.Ч.
Жануарлар биотехнологиясы: Оқу-әдістемелік құралы. А.Ч. Каташева – Алматы: Алманахъ, 2021.-117 б.
«Жануарлар биотехнологиясы» оқу әдістемелік құралында жануарларды генетикалық клондау және трансгенді жануарларды алу, жасанды ұрықтандыру әдістері, криоконсервация, донор аналықтардың суперовуляциясы, ұрықтандыру, гаметалар мен эмбриондарды өсіру, клондау жолымен жануарлардың бағалы генотиптерін тездетіп көбейтуге ықпал ететін биотехнологиялық әдістері қарастырылған.
Оқу-әдістемелік құралы «Биотехнология», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған.