Өсімдіктер карантині

Насиев Б.Н.
Өсімдіктер карантині: оқу құралы / Б.Н. Насиев, М.А. Габдулов, Н.Ж. Жанаталапов – Алматы, Альманахъ, 2019 – 147 б.

«Өсімдіктер карантині» оқу құралы 5В021100 «Өсімдік қорғау және карантин», 5В080100, 6М080100 – «Агрономия» мамандықтары бойынша даярланатын магистранттар мен студенттерге арнап «Өсімдік карантині» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген.

Оқу құралында өсімдіктердің карантиндік ауруларының қоздырғыштары, карантиндік зиянкестер мен арам шөптер туралы толық мәлімет берілген. Батыс Қазақстан облысының табиғи-климаттық жағдайына сәйкес мазмұндалған. Сонымен қатар, оқу құралында Батыс Қазақстан облысының табиғи-климаттық жағдайына сәйкес карантиндік объекттердің таралуы терең мазмұндалған.

Оқу құралы магистранттарға, өсімдік шаруашылығы, өсімдік қорғау, карантин, тұқым шаруашылығы салаларының мамандары, фермерлер, шаруа қожалықтары мен агроқұрылым басшыларына күнделікті тәжірибелерінде анықтамалық ретінде пайдалануларына ұсынылады.