Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары практикумы

Габдулов М.А.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары практикумы: оқу құралы М.А. Габдулов, Б.Н. Насиев, – Алматы, Альманахъ 2019.-176 б.

Бұл оқу құралында Қазақстан республикасында кеңінен тараған ауыл шаруашылығы дақылдарының вегетация кезінде және кейбір дақылдардың сақтау кезіндегі ауруларының туындау себептері, қоздырғыштары, айқындалу сипаттамалары қарастырылған.

Оқу құралы «Өсімдік қорғау және карантин», «Агрономия», «Топырақтану және агрохимия» мамандықтарында оқитын студенттерге, магистранттарға және докторанттарға арналған. Сонымен қатар өндірісте ауыл шаруашылық дақылдарын өсірумен айналысатын мамандарға да пайдалы туынды.