«Өзің оқы, өзгеге ұсын!» Bookcrossing жобасына шақырамыз!

14 ақпан, халықаралық кітап сыйлау күні. Кітап сыйға тарту күні 2012 жылдан бері аталып келеді. Бұл атаулы күннің шығуына – Эмми Бродмур атты АҚШ-тың тұрғыны себепкер болған екен. Бұл пікірдің туындауына баласының «Неге адамдардың бір-біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күні жоқ?» деген сұрағы түрткі болады.

Қазіргі таңда көптеген елде мемлекеттік деңгейде осы күн аталып өтуде. Кітапханалар, кітап дүкендері, кітаппен байланысты сайттар осы күнгі іс-шараларға ат салысуда.

Кітап сыйлау күніне орай 14 ақпан күні Қ.Жұбанов атындағы АӨУ кітапханасында оқырмандарға арналған «ӨЗІҢ ОҚЫ, ӨЗГЕГЕ ҰСЫН!» Bookcrossing-жобасына шақырамыз.

Кітапханамыздың Bookcrossing аймақтарында кітапты оқуға алатын немесе достарыңызға беруге болатын кітаптар орналасқан. Сонымен қатар оқып болған кітаптарыңызды біздің кітапханамызға тапсырсаңыздар болады. Сіздің кітабыңыз жаңа оқырмандарын тауып, қызықты саяхат жасай бастайды. Bookcrossing – бұл қызықты оқитын кітаптар, сұхбаттасу үшін жаңа достар мен пікірлес адамдар табудың жақсы жолы және кез-келген оқырман өз үлесін қоса алады.

«ӨЗІҢ ОҚЫ, ӨЗГЕГЕ ҰСЫН!» атты жобаға қатысуға барлық кітапсүйер оқырмандарды шақырамыз.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.