Университетіміздің ғылыми кітапханасы құнды кітаптармен толығуда

Бүгін Жұбанов университетінде белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Елеусін Сағындықовтың «ШЫННЫҢ ЖҮЗІ» кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл кітапта Елеусін Наурызбайұлының қиын да қызықты ғұмыр жолы баяндалған. Шығармадан қарапайым ауыл баласының еліне елеулі тұлғаға айналу жолын ғана емес, сонау зұлматты соғыстан кейінгі туған бүкіл бір ұрпақтың басынан кешкен ғұмыры мен тәуелсіздік алған Қазақстанның қалыптасу жолдарын және тұтас бір дәуірді көруге болады. Сонымен қатар, осы ғұмырбаяндық эсседен табандылық пен еңбектің, қайсар рухтың алмайтын қамалы болмайтынына көз жеткіземіз.

Кітап өз елінің өткеніне бей-жай қарамайтын және тұлға болып қалыптасу жолындағы ізденімпаз оқырманға арналады.
Кітапханамызға сыйға берілген кітаптар үшін авторға алғыс білдіреміз.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.