Каражанова М.К. Мұнайгазды қабат пен сұйықтық физикасы: оқу құралы / М.К. Каражанова.- Алматы:New book, 2021 — 148 бет.
Оқу құралында тау жыныстарының сүзілгіштік- сыйымдылық, физика-механикалық және жылу қасиеттері, тау жыныстарын қанықтырып тұрған қабат сұйықтарының құрамы мен физика-химиялық қасиеттері туралы негізгі мәліметтер келтірілген. Өнімді қабаттағы көмірсутек жүйелерінің фазалық ауысу үдерістерінің теориялық негіздері, пайда болатын беттік-молекулалық құбылыстар, кеуекті ортадан түзілетін сұйықтықтардың сүзіліп өтуін анықтайтын мұнай-газ-су-тау жынысы жүйелердің қасиеттері сипатталған.
Оқу құралы «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.