Галиева А.Н. Арнайы педагогтың кәсіби қызметі: монография / А.Н. Галиева. – Алматы: New book, 2021. -212 б.
Монографияда арнайы және инклюзивті білім беруде арнайы педагогтың кәсіби қызметіне теориялық және әдістемелік талдау жасалды. Талдау барысында арнайы педагогтарды кәсіби қызметке даярлаудың жалпы мәселелері, қазіргі арнайы білім беру саласының даму тенденциялары, арнайы және инклюзивті білім берудегі арнайы педагогтың кәсіби қызметінің мазмұны, технологиясы және оны ұйымдастыру жолдары айқындалды.
Монографияны арнайы педагогика мамандығының оқытушылары мен студенттері, магистранттары, арнайы білім беру саласы мен инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасайтын педагогтар қолдана алады.