Журасова А.Ш., Мырзабаева Б.М. Халықаралық ұйымдар тарихы: оқу құралы. — Алматы: New book, 2021. – 258 б.
Халықаралық ұйымдар тарихы оқу құралы халықаралық ұйымдардың негізгі мазмұны мен түрлерін, атқаратын қызметін, халықаралық қатынастардағы орнын түсінудегі маңызды көмекші құрал болып табылады. Оқу құралында бірнеше халықаралық ұйымдар тарихы қарастырылады. Оқу құралында берілген материалдар халықаралық ұйымдардың құрылу себептерін, атқаратын қызметін, оның халықаралық мәселелерді шешудегі ролін және оның перспективасын қамтыған.
Оқу құралы тарих, халықаралық қатынастар, аймақтану мамандықтарының студенттеріне, мектеп пен колледж оқытушыларына және халықаралық қатынастар мәселелеріне қызығушылық білдіруші көпшілік оқырманға арналған.