Геология негіздері (геологиялық пәндер). І том

Байбатша Ә.Б. Геология негіздері (геологиялық пәндер): Оқулық. I том. Алматы: New book, 2021. – 304 б.

«Геология негіздері» атты оқулық Кен ісі мамандағының оқу бағдарламасына сай жазылған. Ол «Динамикалық геология», «Геология және қатты пайдалы қазба кенорындарын барлау», «Кенорындардың инженерлік геологиясы» бөлімдерінен тұрады. Бірінші бөлімде геологияның жалпы жағдайлары мен мәні, оның тақырыбы, нысандары және зерттеу әдістері, Жер туралы жалпы мағлұмат, оның әлем кеңістігіндегі орны, Жердің жаралуы мен параметрлері, құрылысы және құрамы, геофизикалық өрістері қарастырылған. Жер қыртысы, оның құрылысы мен типтері, химиялық, минерал және петрографиялық құрамы берілген; геологиялық (эндогеңдік және экзогендік) процестер сипатталған; шөгінді таужыныстардың жайғасу пішіндері, қатпарлы және дизъюнктив айырылымды бұзылыстар, жер қыртысының техногендік өзгерістері сипатталған.

Екінші бөлімде пайдалы қазбалар және олардың кенорындары, кенорындар жаралуының табиғи жағдайлары мен генетикалық типтері, кенорындардың өнеркәсіптік типтері: металл, бейметалл, жанғыш және техногендік пайдалы қазбалар қарастырылған. Кенорындарды барлау және геологиялық-өнеркәсіптік бағалау сипатталған.

Үшінші бөлімі кенорындар өндірісінің инженерлік-геологиялық жағдайларын қамтиды. Кенорындарды ұтымды және қауіпсіз пайдаланудың жағдайлары: орналасуы жерасты суы, таужыныстардың физикалық-механикалық қасиеттері және жарықшақтылығы, таужыныстардың кен үнгімелеріндегі орнықтылығын болжау Қарағанды таскөмір алабы және Жезқазған мыс руда кенорны мысалдарында сипатталған.