Құқық негіздері

Газизова Н.С. Құқық негіздері: оқу құралы / Н.С. Газизова.— Алматы: New book, 2021- 400 бет.

Оқу құралы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің орта мамандандырылған оқу орындарының білім беру стандарты мен оқу бағдарламасына сәйкес және еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сүйене отырып дайындалған. Сондай-ақ осы оқу құралында автордың көп жылғы жинақталған тәжірибесі мен орта мамандандырылған оқу орындарының оқыту бағдарламасына сәйкес дайындалған дәрістері қамтылған. Аталмыш оқу құралы жалпы орта білім беретін мектептің құқық негіздері пәні мұғалімдеріне, оқушыларға, құқық негіздерін оқытатын орта арнайы және жоғары оқу орындарының оқытушыларына, студенттеріне және құқық саласын теориялық тұрғыдан ізденіп, зерттеушілеріне, «Құқықтану» мамандығынан басқа мамандықтардың күндізгі бөлім және қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқитын студенттеріне арналған.