Керімбек Ж.С., Асылова Р.Н., Шибикеева А.М. Өсімдіктер биологиясы. Том – 1: оқу құралы / Ж.С. Керімбек, Р.Н. Асылова, А.М. Шибикеева. – Алматы: New book, 2021. — 272 б.
«Өсімдіктер биологиясы» атты оқу құралы жоғары оқу орындағы бакалавр деңгейіндегі аграрлық және өсімдіктермен байланысты кәсіптік мамандықтарының (агрономия, топырақтану және агрохимия, өсімдік қорғау және карантин, экология, биотехнология, ветеринариялық медицина мен санитария, жеміс-көкөніс пен орман шаруашылықтары т.с.с.) жаңа білім беру бағдарламаларына сәйкес, базалық пән ретінде, сонымен қатар, өсімдіктермен байланысты кәсіптік коллеждің жоғары курс студенттеріне арналған.