«Жаратылыстану факультеті профессор – оқытушылар құрамының ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері»

«Жаратылыстану факультеті профессор – оқытушылар құрамының  ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері»

13.04.2022 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Ғылым айы» аясында кітапханада «Жаратылыстану факультеті профессор – оқытушылар құрамының  ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері» атты флешбук  өтті.

Бүгінгі флешбукте студенттер мен магистранттарға, жас мамандарға Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент С.М.Көгісов өзінің ғылым жолына қалай келгенін сөз етті, Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.С.Иманғалиева еңбектерін жазу барысындағы қызықты, келелі оқиғаларымен бөлісіп, көрермендермен де кері байланыс жасап сұрақ-жауап алды, ал Биология кафедрасы меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы Г.Б. Адманова ғылыми ізденістеріндегі жаңалықтары туралы баяндады. Сонымен қатар оқытушылар өздерінің ғылыми еңбектері мен оқулықтарын таныстырды.

Ғалым-ұстаздар қазіргі дамыған заманда ғылымға бет алған жастарға көптеген мүмкіндік барын, ғылымға талпыныс жасауларын, білімді-саналы ұрпақ болуларын тілеп, бағыт-бағдарларын айтты.

Іс-шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге А.М.Аманкелді библиографиялық шолу жүргізді.

Шараның сәнін келтіріп Экоэнергетика мамандығының 1 курс студенті Мнашев Иманбек «Адай» және Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйлерін орындап, кеш қонақтарының қошеметіне бөленді.\

Қонақтар мен көрермендер кеш соңында кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.