Кәсіби шығармашылық факультеті профессор – оқытушылар құрамының ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері» атты флешбук

12 сәуір Қазақстан ғылым қызметкерлері күніне орай Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университет кітапханасы ұжымының ұйымдастыруымен «Кәсіби шығармашылық факультеті профессор – оқытушылар құрамының ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері» атты флешбук өтті.
Кеш барысында: Дене тәрбиесі, теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор – Т.А.Ботагариев, Музыка және хореография кафедрасының оқытушысы, Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Е.Мукеева, Көркем еңбек және дизайн кафедрасы оқытушылары, Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент М.М.Шаштығарин және Г.К.Сибагатова, студенттер мен магистранттарға, жас мамандарға өздерінің ғылым жолына келулері, еңбектерін жазу барысындағы қызықты, келелі оқиғалар, ғылыми ізденістеріндегі жаңалықтары туралы баяндады.
 
Барлық ғалым-ұстаздар қазіргі таңда ғылымға бет алған жастарға көптеген мүмкіндік туғанын, осы мүмкіндікті құр жібермей талпыныс жасауларын, білімді ұрпақ болуларын тілеп, бағыт-бағдарларын айтты.
Іс-шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге С.Х.Жармуханова библиографиялық шолу жүргізілді.
Техникалық және физика-математика факультеті кітапханасының меңгерушісі Ж.С.Сундетова профессор-оқытушыларға ғылым жолында сәттілік тілеп, студенттерге ғылымға бет бұруды насихаттады.
Ғылыми кештің сәнін келтіріп Музыкалық білім мамындығының 2 курс студенті Балмұхан Берекет «Адай» және «Балбырауын» күйлерін орындап, кеш қонақтарының қошеметіне бөленді.
Қонақтар мен көрермендер кеш соңында кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді.

Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.