Омаров Е.О., Омарова Ғ.Е. Жанар мен жағармайды жоспарлау және үнемдеп пайдалану жолдары. Әдістемелік нұсқау Қарағанды: «Medet Group» ЖШС, 2020 – 40 б.
Әдістемелік нұсқауда жанар-жағармайды өнімді пайдалану және үнемдеу жолдары қарастырылған, яғни әртүрлі жол мен климат жағдайында автокөліктерді жүкпен және жүксіз пайдаланған жағдайда, сондай-ақ ірі немесе бірнеше тіркемемен автокөліктерді пайдаланғанда жұмсалатын жанармайдың нақты жоспарлау жолдары да келтірілген. Сонымен қоса, топ жағдайы мен қоршаған ортаның жанармай жұмсалымына етер әсері де бірнеше нұсқалармен келтірілген.
Соңғы бөлімінде жағар майларының классификациясы, яғни ұсынылатын жаңа маркалары және оның АҚШ пен Еуропа стандарттарына тура келетіндері мен белгілері келтірілген.
Ұсынылып отырған материалдар жүргізушілер мен жалпы механизаторларға, сондай-ақ кәсіпорындардың экономист-бухгалтеріне жанар-жағармайларын жоспарлау жұмыстарын орындауға керекті нұсқау материалы болып табылады.