Зоология-2

Жақсыбаев М.Б., Батырова К.И., Сексенова Д.У. Зоология-2: Омыртқалылар зоологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. – Алматы: «LP-Zhasulan» ЖК, 2019.- 128 б.

Зертханалық-тәжірибелік сабақтар студенттердің зоология курсын меңгеруінің ажырамас бөлігі болып табылады. Зоология-2 бойынша әдістемелік нұсқаулар омыртқалылардың негізгі жүйелі топтарының морфологиясы, анатомиясы бойынша білімдерін тереңдетуге және кеңейтуге ықпал етеді.

Ал келтірілген сызбалар, кестелер, олардың кейбіреулері өз бетінше толтыруды талап етеді, студенттердің логикалық ойлауын дамытады.

Зоология – 2 «5В011300-Биология» бағыты бойынша бакалаврларды даярлаудың кәсіптік цикліне кіреді, сонымен қатар бакалавр -биологтарды дайындаудың басты кезеңдерінің бірі болып табылады.