Дінтану

Г.М. Сыздықова. Дінтану: Оқу құралы. – Қарағанды: «АҚНҰР» баспасы, 2019. – 184 б.

Оқу құралы 5В011400, 5В020300 – «Тарих», 5 В013000 – «Тарих-Дінтану» және барлық білім мамандықтарының студенттері үшін арналған.

Оқу құралында әлемнің негізгі діни дәстүрлерінің тарихы мен қазіргі жағдайына, олардың ілімдік, рәсімдік-ғұрыптық және құрылымдық ерекшеліктеріне, өзара әлеуметтік қарым-қатынастары мен қоршаған орта, билік құрылымдарымен байланысына, діннің даму тарихындағы құбылыстарға, діни догматиканың әр түрлі аспектілеріне, конфессияаралық қатынастардың өзекті мәселелерін талдау барысында білім алушыларға өз ұстанымын қалыптастыруға үйретуге, қоғамда төзімділік пен конфессияаралық сұхбат мәдениетін қалыптастыруға назар аударылады.

Оқу құралы студенттерге, магистранттарға, оқытушыларға және барлық дінтану ғылымына қызығушыларға арналады.