Автор: Кисметова Г.Н. Ағылшын тілі грамматикасы: оқу құралы. «Medet Group» ЖШС, Қарағанды, 2020. – 304 б.
Аталмыш оқу құрал келесі бөлімдерден тұрады: 1. Негізгі бөлім (Морфология, синтаксис); 2. Кестелер; 3. Жаттығулар; 4. Мәтіндер.
Негізгі бөлімге сөйлеу дағдыларын меңгеруде және ағылшын тіліндегі мәтіндерді түп нұсқасында оқып түсінуде көмек ететін ағылшын тілі грамматикасының ең көп қолданылатын ережелері енгізілген. Сонымен қатар тіл үйренушілерге ең қажет деген грамматикалық минимум кесте түрінде берілген.
Еңбектегі жаттығулар негізгі бөлімге енген грамматиканы практикалық меңгеруге мүмкіндік береді. Төртінші бөлім экономикалық және ақпараттық мамандықтар бойынша студенттерге арналған мәтіндерден тұрады. Мәтіндер бойынша сұрақтар мен жаттығулар берілген.
Бұл оқу құралы оқытушылар мен студенттерге арналған.