Омаров Н.Қ., Халықова Н.С. Қазақ прозасындағы көркемдік ізденістер. Монография. -Қарағанды: «Medet Group» ЖШС, 2020 – 190 б.
Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының алдындағы негізгі және күрделі міндеттердің бірі – жиырмасыншы ғасырда дүниеге келген қазақ әдебиетінің, әсіресе прозаның даму бағытын анықтау, оның өмір шындығын игерудегі сипатын саралау, болмыс-бітімі күрделенген адам образын жасаудағы ерекшеліктерін, жалпы көркем ойға қосқан үлесін айқындау болып табылатыны белгілі. Монографияда автор осы мақсатты көздей отырып, көркемдік дәстүрдің қазақ прозасына тигізген әсерін, сондай-ақ ондағы жаңа көркемдік бағыттар мен арналардың көрінісін айқын көрсеткен. Ғылыми еңбек ЖОО-ның магистранттарына, оқытушыларына және жалпы әдебиетші қауымға арналған.