Бейсенбекова Г.Б. Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру және басқару. Оқу құралы. 2-ші басылым. Қарағанды: «АҚНҰР» баспасы. – 2019. – 170 б.
Оқу құралы «Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру және басқару» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жазылды. Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру мен басқарудың көкейкесті мәселелері жан-жақты қарастырылып, басқарудың тиімді жолдары зерделенеді.
Ұсынылып отырған оқу құралы жоғары және орта оқу орындары педагогика факультетінің мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының студенттеріне, магистранттарына, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне арналады.