А.Ю. Жанадилов. Современные экологические аспекты обеспечения продовольственной и энергетической безопасности Республики Казахстан. Монография. – Алматы: «LP-Zhasulan» АЖ, 2019. – 406 б.
Монографияда Қазақстан Республикасының азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық және экологиялық мәселелері қарастырылған. Республиканың ұлттық экологиялық, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздігінің деңгейіне кешенді баға берілді. Азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі экологиялық көзқарастың әдістемесі ашылды. Тамақ өнеркәсібін зкологизация принциптері бойынша басқару мәселелері қарастырылады.
Монографияда шикізат пен тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі, шикізат пен азық-түлік өнімдеріндегі ластаушы заттар, қауіпсіздік стандарттары көрсетілген. Тұрақты экономиканы қалыптастырудың негізгі факторларының бірі ретінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін стратегиялық басқару және энергетикалық сектордың энергия тиімділігін арттыру, әлеуметтік сала бойынша ұсыныстар берілген.
Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде агроөнеркәсіптік интеграцияның және көтерме азық-түлік нарықтары жүйесінің рөлі негізделген. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің әдіснамалық мәселелері, 21 ғасырдың басындағы Қазақстанның болашағының энергетикалық және экологиялық жағдайының динамикасы қарастырылған.
Монография экология, ауыл шаруашылығы, техникалық және биологиялық мамандықтардың студенттеріне, магистранттарына және докторанттарына, сондай-ақ агроөнеркәсіптік және энергетикалық кешендегі ғылыми және практикалық қызметкерлерге арналған.