С.К. Курманбаев, Г.И. Джаманова. Экологические основы организации защиты растений. Оқу құралы. — Алматы: «LP-Zhasulan» АЖ, 2019. – 200 б.
«Өсімдіктерді қорғауды ұйымдастырудың экологиялық негіздері» оқу құралы дәстүрлі экологиялық және агротехникалық әдістерді қолдану арқылы өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғау мәселелеріне арналған.
Кітаптың негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы университеттерінің магистранттары мен практиктерді өндірістің рентабельділігін және өсімдіктерді қорғаудың экологиялық қауіпсіздігін арттыратын агротехникалық егіншіліктің тиімді әдістеріне үйрету. Өсімдіктерді қорғаудың экологиялық әдісі агротехникалық, химиялық және биологиялық әдістерге қажетті негіз ретінде қызмет ететін ауыл шаруашылығын дамытудың перспективалық бағыты болып табылады.