Абдураманов Абдуманап / Механика жидкости: оқу құралы (2-ші басылым). Қарағанды: «Medet Group» ЖШС, 2020. – 266 б.
«Су ресурстары және суды пайдалану», «Гидротехника және құрылыстар» мамандықтары бойынша оқитын магистранттар мен докторанттарға (PhD) арналған «Сұйықтар механикасы» пәні гидравликаның арнайы курсының құрамдас бөлігі болып табылады.
Ол гидродинамиканың жалпы теңдеулерін және сұйық ағындарының айналмалы қозғалыстарының теңдеулерін, алдымен жалпы қисық ортогональды координаталар жүйесінде, содан кейін декарттық, цилиндрлік және сфералық координаталар жүйелеріндегі ерекше жағдайлар ретінде анық және қарапайым түрде көрсетеді.