М.М. Есиркепов, Б.Ж. Кульбаева, А.М. Есиркепова / Онтогенез: оқу құралы. – Қарағанды: «АКНҰР» баспасы, – 2017. – 132 б.
Оқу құралында «Биология» және «Медициналық биология» пәндері бойынша оқу жоспарында қарастырылатын барлық негізгі мәселелер қысқа және қолжетімді түрде қамтылған.
Әдістемелік құрал негізінен омыртқалы жануарларға қатысты организмдердің жеке даму механизмдеріне қатысты негізгі сұрақтарды ашады. Ұсынылған материалда этикалық нормаларды сақтай отырып, адам эмбриондарын зерттеуден, сондай-ақ жануарларға жүргізілген эксперименттерден алынған шетелдік және отандық эмбриологтардың мәліметтері бар. Оқулық көрнекі материалдың үлкен көлемімен көркемделген.
Студенттер, магистранттар, докторанттар, биологиялық және медициналық мамандықтар бойынша оқытушылар мен мамандарға арналған.