Зәмзәгүл Ізмұратова. Шертер үйрену мектебі: Кәсіптік бастауыш және орта, жоғары білім беру орындарына арналған оқу құралы. Алматы. CyberSmith, 2021 ж. -184 б.
«Шертер үйрену мектебі» – музыка мектептерінің оқушылары мен музыка колледждері, консерватория және музыка академиясының -студенттеріне, сондай-ақ аспапты үйренем, меңгерем деуші талапкерлерге арналған оқу құралы. Оқу-әдістемелік бөлімі мен музыка сауаты бөлімін ұстаздар қауымы әдістеме ретінде пайдалана алады. Ұсынылып отырған осы еңбек шертер мамандығына қойылған талаптарға сай жазылып, аспаптағы орындаушылық негіздер толық қамтылған арнайы оқу құралы болып табылады.