Функционалдық анализ. ІІ бөлім

Абдикаликова З.Т., Ибатов А. Функционалдық анализ: математика, қолданбалы математика мамандықтарына арналған оқулық. ІІ бөлім. 2-ші басылым. Алматы: CyberSmith, 2021. -264 б.

Аталған оқулықта функционалдық анализ пәнінің базалық мәселелері жан-жақты қарастырылған. Тақырыптық мәселелер теориялық тұрғыдан ғана емес, жаттығулар, есептер, тест тапсырмалары көмегімен де жатық түсіндіріледі.

Оқулық оқыту жүйесінің кредиттік технологиясына негізделген және жоғары оқу орындарында математика, қолданбалы математика мамандықтары бойынша оқитын студенттерге, магистранттарға, РhD докторанттарға, оқытушыларға, сондай-ақ функционалдық анализды өз бетінше оқитын оқырман қауымға арналады.