Көлік логистикасы: Оқу құралы. І-том. Б.Т.Тұрысбеков, – Алматы: CyberSmith, 2021 – 224 б.
Оқу құралында қазіргі кезендегі экономиканың дамуындағы логистиканың мазмұны, рөлі мен орны көрсетілген. Логистиканың экономикалық, экономикалық-математикалық әдістері ұсынылған, олар тауарөткізгіш жүйелерді оңтайландыруға және әртүрлі өндірістік құрылымдар мен олардың бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Оқу құралында логистикалық жүйелердегі қойманың рөлі мен орны, терминалдық-қойма кешендерінің негізінде логистикалық көліктік-тарату орталықтарының жүйесін құру принциптері мен тәжірибесі қарастырылған.
Оқу құралы жоғарғы оқу орындарының және арнаулы оқу орындарының студенттері, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету, тауар өнімдерін бөлу, көліктік қызмет көрсету, өндірісті ұйымдастыру процестерінде жұмыс істейтін өндірістік саланың басшылары мен мамандарына арналған.