Web-бағдарламалау негіздері

Ибрагимов О.М. Web-бағдарламалау негіздері: оқу құралы / Ибрагимов О.М., Нысанов Е.А., Құрақбаев Ж.С. – Алматы: CyberSmith, 2021. – 248 б.

Оқу құралында динамикалық гипермәтіңдік құжаттарды құру технологиясы қарастырылған. Онда HTML, JavaScript және РНР бағдарламалау тілдерінің синтаксисі, тэгтері, операторлары мен функциялары қаралған. Web-құжатта СSS технологиясы және JavaScript, РНР скрипттерден пайдалану әдістері көрсетілген. Оқу құралында осы аталған мәселелер мысалдармен көрнекі түрде сипатталған. Сонымен қатар оқу құралында берілген жеке тапсырмалар мен тест сұрақтары, оның мазмұнын түсінуге көмектеседі.

Оқу құралы университеттің 5В060200 – «Информатика» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.