Жасыл технологиялар және қалпына келетін ресурстар:Жоғары оқу орнына арналған оқу құралы // Б.Ж.Махамедова, Алматы: CyberSmith, 2021.-260 б.
Табиғи ортаны қорғау мақсатында, жеке тұлғалардың кәсіпорындардың және тұтас салалардың ресурс тиімділігі мен экологиялық сипаттамаларын жақсартуда, яғни табиғат ресурстарын пайдалануда жаңа технологияларды пайдалану, қоршаған ортаның белсенді түрде «жасылға», жаңа бағытқа айналуы қажеттігі бүгінгі күннің туындап отырған өзекті мәселесі.
«Жасыл технологиялар», «қаланың жасыл аймағы», «жасыл транспорт», «жасыл экономика», «жасыл инфраструктура», «жасыл ұрпақ» терминдерінің қазіргі заманғы жаңа көрсеткіштері дайындалған оқу құралы «Жасыл технологиялар және қалпына келетін ресурстар» тақырыбында қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін және оған ықпал етуде табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және тұрақты даму, ресурстардың сарқылуына байланысты проблемалардың пайда болуы, болашақ ұрпақ үшін табиғат ресурстарын тиімді пайдалану; толық қалпына келтіруге немесе қайта пайдалануға болатын өнімдер өңдірісінің жаңа технологияларын зерттеу; өзгерту арқылы қалдықтарды азайту, қоршаған ортаның ластануын азайту; өндіріс жүйелерін және тұтыну құрылымын жаңа технологияларға ауыстыру, осы технологияларға балама шешімдерді дамытатын инновацияларды қолдану, антропогеңдік фактордың халық денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруші яғни, қазба шикізат көздерімен немесе химиялық заттарды қолданумен байланысты екенін дәлелдеу; өндіріс өндіруде, ауыл шаруашылығыңда, әлеуметтік тұрмыста «жасылдандыру» бағдарламалары мен жобаларды қолданудың қажеттілігі туралы және «Жасыл қалалар», «Жасыл транспорт», «Жасыл инфрақұрылым», «Жасыл кеңістік» (Экожүйе экономикасы және биоалуандылық), экологиялық өмір салты және «Жасыл ұрпақ» тақырыптарында теориялық материал жинақталды.
Табиғат ресурстарын қорғаудың, реттеудің принциптері мен әдістері және биологиялық ресурстар әлемін ұтымды пайдалану жолдары негізделген. Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық-құқықтық тетігі мен табиғатты ұтымды пайдалану арқылы шешудегі адамның тұрақты дамуының экологиялық аспектілері берілген.
Оқу құралы ҚР МЖМБС 5.04.034 – 2011 талаптарына және пәннің қолданыстағы жұмыс бағдарламасына сәйкес жазылған және докторанттарға және магистранттарға сондай-ақ, ЖОО оқытушыларына, табиғатты ұтымды пайдалану мәселелерімен айналысатын ғылыми қызметкерлердің ізденістеріне арналған.