Электртехниканың теориялық негіздері. ІІ-бөлім

Л.Д. Кротов, С.А. Кешуов. Электртехниканың теориялық негіздері. Сызықты электрлік тізбектер. Оқулық. ІІ-бөлім. Алматы: CyberSmith, 2021. – 280 б.

Оқулықтың мазмұны 5В081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен жабдықтау мамандығына арналған «Электртехниканың теориялық негіздері 1» курсының типтік оку бағдарламасына сәйкес келеді.

Оқулықта берілген материал курсты өз бетінше окуға бағытталған. Әсіресе, электр тізбектеріндегі үдерістердің физикалық табиғатына баса назар аударылған.

Электр тізбектерін қолданыстағы әдістердің әркайсысымен есептеу тәртібі берілген. Оқулықтағы суреттер мен көптеген мысалдар курсты терең меңгеруге көмектеседі.

Әрбір тараудың соңында берілген материал бойынша алған біліміңізді бекітетін тест сұрақтары құрастырылған.

Оқулықтағы MathCad және Electronics Workbench программаларын пайдалану жөніндегі нұсқаулық әрбір студенттің дербес компьютерлерді пайдалана отырып, тұрақты және айнымалы токтың электр тізбектерін өз бетінше модельдеуіне және талдауына мүмкіндік береді.

Бұл оқулық оқу жоспарына «Электртехниканың теориялық негіздері» атты курс енгізілген барлық мамандықтардың студенттеріне пайдалы.

Авторлар оқулықты қазақ тіліне аударуға көмектескен С.Қ.Күлмановқа және Б.С.Жонкешовке алғыс айтады.