Қабасова Ж.Қ., Ерқоңыр Ә.К. Өндірістік электроника: оқу құралы / Ж.Қ. Қабасова, Ә.К. Ерқоңыр – Алматы: CyberSmith, 2021 – 128 б.
Өндірістік электроника пәнінен оқу құралы мемлекеттік тілде оқитын Электр энергетикасы және Автоматтандыру және басқару мамандығының студенттері үшін қажет материал болып табылады.
Ұсынылған оқу құралы төрт тараудан тұрады. Әр тараудың теориялық мағлұматтары берілген.
Оқу құралында өндірістік электроникамен байланысатын негізгі формулалары, заңдары және әр тараудағы өзгеріс жағдайында болатын құбылыстары толығымен көрсетілген.
Бұл еңбектің бүгінгі таңдағы құндылығын, қажеттілігін ескере отырып, Электр энергетикасы және Автоматтандыру және басқару мамандықтарына және басқа да техникалық мамандықтарының студенттеріне, техникалық қызметкерлерге де арналып шығарылғаны жөн.