Аманжол І.А. Өндірістік санитария: оқулық / І.А. Аманжол, Н.Х. Шарипов, Н.Р. Жолмағамбетов.- Алматы: CyberSmith, 2021.- 248 б.
«Өндірістік санитария» оқулығында өндіріс салаларының жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастырудың құқықтық-ұйымдастырушылық негіздері, өндірістік жағдайлардың туындау факторлары мен механизмдері, өндірістік зиянды және қауіпті факторлардың жіктелуі, бұл факторлар орын алған жағдайлардың алдын алу және салдарын жою әдістері, физикалық, химиялық, биологиялық, экологиялық және өндіріс орындарындағы жұмыс жағдайлары мен олардың зиянды және қауіпті факторлары туралы мәліметтермен қатар олардың әсеріндегі жұмысшыларға арналған профилактикалық – медициналық көмек көрсету әдістері мен білім алушылардың өзін-өзі тексеруге арналған бақылау сұрақтары қарастырылған.
Оқулық жоғарғы оқу орындарының «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша оқитын студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, жалпы білім беру ұйымдарының оқытушыларына, өндірістік қауіпсіздік саласындағы қызметкерлерге және де қауіпсіздік мәселелері қызықтыратын оқырмандарға арналған.