Theoretical basics of electrical engineering. II-бөлім

Кротов Л.Д., Кешуов С.А. Theoretical basics of electrical engineering. Сызықтық электр тізбектері, Оқулық II-бөлім. Алматы: CyberSmith, 2021. – 256 б.

Оқу құралының мазмұны «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» және «Электротехника» мамандықтары үшін «Электротехниканың теориялық негіздері, ] бөлімі» курсының типтік оқу жоспарларына сәйкес келеді.

Оқу құралында электротехника мамандықтары үшін осы пәннің бакалавриат бағдарламаларында қарастырылған барлық қажетті материалдар ғана емес, сонымен қатар магистратура мен докторантурада курсты тереңдетіп оқуға қажетті теориялық мәліметтер де қамтылған.

Оқулықта берілген материал курсты өздігінен меңгеруге бағытталған. Электр тізбектеріндегі процестердің физикалық табиғатына ерекше назар аударылады.
Қолданыстағы әдістердің әрқайсысы үшін электр тізбектерін есептеу тәртібі келтірілген.

Оқулықтағы суреттер мен көптеген мысалдар курсты терең меңгеруге ықпал етеді.

Оқулықтағы әрбір тарау үшін ұсынылған материал бойынша білімді бекітетін тест сұрақтары құрастырылған.

Оқулықта берілген MathCAD және Electronics Workbench бағдарламаларын қолдану бойынша нұсқаулар әрбір студентке дербес компьютерлер арқылы тұрақты және айнымалы токтың электр тізбектерін модельдеуге және талдауға мүмкіндік береді.

Бұл оқу құралы оқу жоспарында «Электротехниканың теориялық негіздері» курсы бар барлық мамандықтар мен білім деңгейлерінің студенттері үшін пайдалы болады.

Автор оқулықтың соңғы нұсқасында ескерілген ұсынылған материалға қатысты құнды, объективті пікірлері үшін рецензенттерге алғысын білдіреді.