Кротов Л.Д., Кешуов C.A. Теоретические основы электротехники. Линейные электрические цепи. Оқулық. II – бөлім. Алматы: CyberSmith, 2021. -320 б.
Оқу құралының мазмұны «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» және «Электр энергетикасы» мамандықтарына арналған «Электр техникасының теориялық негіздері» 1-бөлім курсының типтік оқу бағдарламасына сәйкес келеді.
Оқу құралында электротехника мамандықтары үшін осы пәннің бакалавриат бағдарламаларында қарастырылған барлық қажетті материалдар ғана емес, сонымен қатар магистратура мен докторантурада курсты тереңдетіп оқуға қажетті теориялық мәліметтер де қамтылған.
Оқулықта берілген материал курсты өздігінен меңгеруге бағытталған. Электр тізбектеріндегі процестердің физикалық мәніне ерекше назар аударылады.
Қолданыстағы әдістердің әрқайсысы үшін электр тізбектерін есептеу тәртібі келтірілген. Оқулық мәтініндегі сызбалар мен көптеген мысалдар курсты терең түсінуге ықпал етеді.
Оқулықтың әрбір тарауы үшін ұсынылған материал бойынша білімдерін бекітетін тест сұрақтары құрастырылған.
Оқулықта берілген MathCAD және Electronics Workbench бағдарламаларын қолдану бойынша нұсқаулар әрбір студентке дербес компьютерлер арқылы тұрақты және айнымалы токтың электр тізбектерін модельдеуге және талдауға мүмкіндік береді.
Бұл оқу құралы оқу жоспарында «Электротехниканың теориялық негіздері» курсын қамтитын барлық мамандықтар мен білім деңгейлерінің студенттері үшін пайдалы болады.
Авторлар оқулықтың соңғы басылымында ескерілген ұсынылған материалға қатысты құнды, объективті пікірлері үшін рецензенттерге алғысын білдіреді.