Геометриялық модельдеу бойынша тапсырмалар жинағы: оқу құралы / Ө.Ш. Ибишев, Ә.Ә. Төлбаев, Ұ.Б. Болат, А. Мамбаева- Алматы: CyberSmith, 2021.- 124 б.
Инженерлік және компьютерлік графика. Машиналық графика. AutoCAD, Autodesk INVENTOR, PRO/ENGINEER бағдарламаларын қолдану арқылы графикалық жұмыстарды орындауға арналған оқу құралы.
Бұл оқу құралы, жоғары кәсіби білім берудің білім бағдарламаларының талаптарын ескере отырып, «Инженерлік және компьютерлік графика», «Сызба геометрия және компьютерлік графика», «Инжиниринг негіздерімен компьютерлік графика», «Компьютерлік графика негіздері», «Инженерлік графика және геометриялық модельдеу негіздері» бойынша графикалық жұмыстар мен жаттығуларға арналған тапсырмаларды қамтиды. Тапсырмалар компьютерлік залдарда немесе үйде жеке компьютерде жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндей етіп таңдалған. Сонымен қатар өз бетімен компьютерлік курсты оқып үйренуге қызығушылық танытқандарға қолайлы оқу құралы болып табылады.
Оқу құралында AutoCAD, Autodesk INVENTOR, PRO/ENGINEER компьютерлік әмбебап графикалық жүйелерді қолданып орындалатын жаттығулар мен графикалық жұмыстардың мысалдары қарастырылған. Жинақтың кейбір тапсырмалары мен жаттығулары қатты денелерді компьютерлік модельдеу әдісін қолдану арқылы орындалуы мүмкін. Оқу құралында келтірілген жаттығулардың орындалу мысалдары берілген графикалық тапсырмалар мен жатығуларды орындауға мүмкіндік беретіндей барлық қажетті алгоритмдер спектрін қамтиды.
Оку құралы ҚазҰАУ-дегі барлық инженерлік және технологиялық мамаңдықтардың студенттеріне арналған. Ол жоғарыда аталған пәндердің компьютерлік графика бөліміне сай барлық мәселелерді қамтиды.