Омаров Е.Б., Байтасов Е.К., Ясынов Ж. Дене шынықтыру мен спорт экономикасының негізі: оқу құралы. – Алматы: CyberSmith, 2021. – 264 б.
Оқу құралында дене шынықтыру және спорт саласындағы экономиканың қазіргі нарық жағдайындағы тұжырымдық және методологиялық мәселелері қарастырылған. Бұл саланың өнім шығармайтын сала ретіндегі халық шаруашылығындағы орны және оның жетістіктері айқындалған. Осы қызметке нарықтық сұраныс, саланың бәсекелестігі мен бәсекелестікке қабілеттілігі, қаржыландыру көздері, нормативті құқықтық рәсімделуі, бағыттары дәйектеліп, дамыған елдердегі және Қазақстан Республикасындағы тәжірибе кәсіби деңгейде баяндалған.
Дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттері мен осы сала мамандарына арналған.