Жүктану

Казенова А.О., Үсіпбаев Ү.А., Тезекбаева Н.Р. Жүктану. / Оқу құралы. – Алматы: CyberSmith, 2021. – 96 б.

Жұмыста жүктердің негізгі топтары, олардың тасымалдауға дайындауға әсер ететін арнайы қасиеттері мен тасымалдау сипаттамалары, жылжымалы құрамды таңдау, тасымалдау шарттары, тиеу-түсіру жұмыстарын орындау, сақтау және сақтауды қамтамасыз ету қарастырылған. Оқу құралы теориялық ережелерден басқа қарапайым тапсырмалар мен студенттердің жеке аудиториялық жұмысын белсендіруге арналған көпнұсқалы тапсырмалар қатарын шешу мысалдарынан тұрады.

Оқу құралы 6В11310 — «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», 6В11311 – «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру», 6В11312 – «Көлікті логистикасы» мамандығының студенттеріне арналған.