«Жалпы химиялық технология» курсы химия және химиялық технология ғылымдарының негізгі, әрі күрделі саласын құрайды және кәсіптік пәндерге жатады. Жалпы химиялық технология қолданбалы ғылым ретінде химияның теориялық зандылықтарын іс жүзіне асырып, бағалы химиялық өнімдер алуға қол жеткізеді.
Бұл кітапта өндіріс жағдайында өнім шығымдылығына әсер беретін химиялық процестердің тепе – тендігі мен жылдамдығы, гомогендік, гетерогендік, катализдік процестер қарастырылған және бірқатар маңызды химиялық өндірістердің технологиялары берілген.
Кітап жоғары оку орындарының химия, химиялық технология және экология мамандықтарының студенттері мен оқытушыларына арналған. Бұл еңбек химия өндірісінің мамандарына да пайдалы.