Ақтөбе қаласының дендрофлорасы

Утарбаева Н.А. Ақтөбе қаласының дендрофлорасы: Монография-Ақтөбе, 2021 – 184 б.

Монографияда Ақтөбе қаласының дендрофлорасының түрлік құрамы, ағаш өсімдіктерінің тіршілік күйі, экологиясы, таралуы беріледі. Сонымен қатар, ағаш өсімдіктерінде анықталған саңырауқұлақ ауруларының түрлері және кейбір ағаш өсімдіктерінің гүл тозаңдарының фертильділік дәрежесі көрсетіледі. Ғылыми жұмыс қала көгалдануына қолдануға тиімді түрлер ассортиментін ұсынумен аяқталады.

Басылым ботаниктер мен экологтарға, сонымен қатар ғылыми бағыттағы бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушыларына арналған.